«Бірыңғай есеп жүйесінің операторы» ЖШС-нің жеке деректерді өңдеу және қорғау саясаты
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Жеке деректерді өңдеу және қорғау саласындағы саясат (бұдан әрі – Саясат) «Бірыңғай есеп жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, бұдан әрі – Серіктестік) негізгі ішкі құжаты болып табылады. Ол жеке деректерге қатысты мәселелерді реттейді және Серіктестік ресми сайты - https://www.esugov.kz мекенжайына кірген кезде пайдаланушыдан алынуы мүмкін ақпаратқа қолданылады.
1.2. Саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, сондай-ақ жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамасына, соның ішінде 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншіктеуші және (немесе) оператор айқындайтын жеке деректер тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1.3. Саясатта жеке деректерді өңдеу мақсаттары, жалпы қағидаттары мен тәсілдері, жеке деректер субъектілерінің тізбесі, олардың құқықтары, сондай-ақ жеке деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралар айқындалады.
1.4. Саясат Серіктестік қызметкерлерінің барлығына және жеке деректерді өңдеу процесіне қатысуы қажет өзге де тұлғаларға, сондай-ақ Серіктестікпен келісімдер, шарттар, тапсырмалар негізінде белгіленген тәртіппен жеке деректерді беретін жағдайларға қолданылады.
1.5. Саясат Серіктестік жүзеге асыратын жеке деректер субъектілерінің деректерін жинау және өңдеу процестерінің барлығына қолданылады.
1.6. Саясат шектеусіз тұлғалар тобына арналып әзірленген және Серіктестіктің ресми сайтында жариялау арқылы қолжетімді болады.
1.7. Сайтқа кіру пайдаланушының осы Саясатпен және онда көрсетілген ақпаратты өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Егер пайдаланушы Саясатпен келіспесе, онда ол Сайтқа кірмеуі тиіс.
1.8. Серіктестік осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер Сайтта Саясаттың жаңа редакциясын жариялау арқылы жүзеге асырылады.
2. Серіктестік сайтына кірген кезде алынатын ақпараттың құрамы
2.1. Пайдаланушы ұсынатын жеке деректер.
Пайдаланушы Сайттағы нысандарды толтыру немесе өзара әрекеттесу барысында ерікті түрде ұсынатын мәліметтер: аты, тегі, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, компания атауы және кері байланыс нысанында көрсетілетін өзге де деректер.
3. Пайдаланушы туралы ақпаратты өңдеу шарттары
3.1. Осы Саясатқа сәйкес, Серіктестік пайдаланушыларға кері байланыс ұсыну мақсатында ақпаратты өңдеуді жүзеге асырады.
3.2. Серіктестік пайдаланушы ақпаратына үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз қол жеткізуге, оны пайдалануға, көшіруге немесе таратуға жол бермеу үшін өзінің құзыретінде бар барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
3.3. Осы Саясатта көзделген мақсаттар үшін Серіктестік, Қазақстан Республикасының жеке деректерді қорғау заңнамасына сәйкес құпиялық туралы тиісті келісімдері бар серіктестерін ақпаратты өңдеуге тарта алады. Сайтқа кіру деректері бойынша иесіздендірілген (анонимді) мәліметтерді серіктестерге беру, олардың қызметін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
4. Деректерді сақтау және қорғау
4.1. Барлық пайдаланушының жеке деректері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан қорғалған серверлерде сақталады.
Деректерді сақтау мерзімі оларды өңдеу мақсаттарына байланысты айқындалады және бұл мерзім мұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет кезеңнен аспауы тиіс. Бұдан ұзақ мерзімге сақтау тек заңнамада көзделген немесе рұқсат етілген жағдайларда ғана мүмкін болады.
5. Жеке деректер субъектісінің жеке деректерін алу тәртібі және оларды жинауға, өңдеуге келісім беру тәртібі
5.1. Жеке деректер субъектісінің (немесе оның заңды өкілінің) келісімімен Серіктестік жеке деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.
5.2. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімді жеке деректер субъектісі немесе оның заңды өкілі жазбаша түрде, электрондық құжат түрінде, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қауіпсіздік элементтері бар өзге тәсілдермен бере алады.
5.3. Егер жеке деректер субъектісі өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермесе, мұндай деректерді жинау және өңдеу Серіктестік тарапынан жүзеге асырылмайды.
5.4. Егер жеке деректер үшінші тұлғалардан (мысалы, клиенттерден, қарсы тараптардан және т.б.) алынатын болса, онда мұндай деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісім алу міндеті осы үшінші тұлғалардың мойнында болады.
5.5. Ақпарат жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке деректер субъектісінің келісімін алу талап етілмейді.
6. Жеке деректерге қолжетімділік және құпиялылық
6.1. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге рұқсат берілген Серіктестік қызметкерлері Қазақстан Республикасының жеке деректерге қатысты заңнамасының ережелерімен, соның ішінде жеке деректерді қорғау тәртібіне қойылатын талаптармен таныс болуы тиіс, құпиялылық талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті және мұндай талаптардың бұзылуы салдарынан туындаған жағдайлар үшін жауапкершілікке тартылады.
7. Жеке деректерді қорғау
7.1. Жеке деректерді жинау және өңдеу барысында Серіктестік жеке деректерге заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуге, жоюға, өзгертуге, бұғаттауға, көшіруге, беруге, таратуға, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында барлық қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
8. Жеке деректер субъектісінің құқықтары
8.1. Жеке деректер субъектісі жеке деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл үшін ол Серіктестікке тиісті сұрау жолдауы қажет.
8.2. Жеке деректер субъектісі заңнамада белгіленген тәртіппен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.